jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстанның екі мегаполисінде күн күркірейді

Найзағай
Найзағай. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Қазақстанның екі мегаполисінде найзағай ойнайды. Ал ауа температурасы +20 градус жылы болады. Бұл туралы "Қазгидромет" ресми сайтында хабарлады.

Бүгін, 20 мамырда Астана қаласында күн бұлтты, күндіз жауын-шашынсыз. Ауа температурасы +19...+21 градус болады. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с шамасында болмақ.

Синоптиктердің хабарлауынша, Алматыда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ауа температурасы +20...+22 градусқа жетеді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, ал найзағай кезінде 17 м/с болады.

Шымкентте де найзағай күтіледі. Ауа температурасы күндіз +27...+29 градус жылы болады. Желдің жылдамдығы – 8-13 м/с, найзағай кезінде 15-20 м/с болмақ.

Бофорт шкаласы бойынша желдің жылдамдығы 15-20 м/с "күшті" және "өте күшті" деп сипатталады. Мұндай күшті желге қарсы тұру қиын, ағаш діңі тербеліп, бұтақтар сынуы мүмкін.

Қазақстанның екі мегаполисінде күн күркірейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.