jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Найзағай, 31 градусқа дейін ыстық: бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Інжугүл
Інжугүл. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер дүйсенбі, 22 мамырда Алматыда тағы да найзағай ойнап, Астана мен Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы болатынын болжады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды.

Бүгін Алматыда найзағай ойнауына байланысты дауылдық ескерту жарияланды. Метеорологтардың болжамынша, бүгін оңтүстік астанада ауа температурасы күндіз +21...+23 градус болса, түнде +10...+12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады деп күтілуде, бірақ найзағай кезінде желдің екпіні 17 м/с болуы мүмкін.

Дүйсенбі Астанада жауын-шашын күтілмейді, күндіз термометр бағаны +21...+23 градусты көрсетсе, түнде ауа темрературасы +8...+10 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 7-12 м/с болады деп күтілуде.

Синоптиктер 22 мамыр Шымкентте ыстық ауа райы күтілетінін хабарлады. Күндіз ауа температурасы +29...+31 градусқа дейін көтерілсе, түнде мегаполисте +14...+16 градусқа дейін төмендейді. Қалада желдің жылдамдығы 8-13 м/с болады.

Найзағай, 31 градусқа дейін ыстық: бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.