Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰБТ-2023: білім гранттарының басым бөлігі қай өңірлерге бөлінген

Опубликовано:

Университет аудиториясы
Университет аудиториясы. Көрнекі фото: pixabay.com

Биыл жоғарғы оқу орындарына 88 мың грант бөлінген. Оның жартысынан астамы, яғни 60 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтарға бағытталған. Бұл туралы ғылым және жоғары білім вице-министрінің қатысуымен өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның ақпаратынша, тегін білім гранттарының басым бөлігі халқы тығыз орналасқан өңірлерге, жаңадан құрылған облыстар мен еліміздің батыс аймақтарына бөлінген.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиевтің айтуынша, биыл негізгі ҰБТ-ға 166 мың талапкер өтініш берген.

Жоғары оқу орындарына құжаттар 13 шілде мен 23 шілде аралығында қабылданады. Ал грант иегерлерінің тізімін 10-шы тамызға дейін жариялау жоспарлануда.

"Биыл негізгі ҰБТ артықшылықтарының бірі – тапсыруға екі мүмкіндік тестіленуші, ең жақсы нәтижені грант иелену үшін конкурсқа қатыса алады. Биыл бұл норма заңнамалық тұрғыда бекітілді.

Сонымен қатар екі мүмкіндікте де бір бейіндік пәндер комбинациясын таңдау керек. Ерекше білім беру қажеті бар балаларға да арнайы жағдай жасалынған. ҰБТ тапсыруға, мысалы, осындай балаларға қосымша 40 минут уақыт беріледі", - деді Қуаныш Ерғалиев.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021628-ubt-2023-bilim-granttarynyn-basym-boligi-qai-onirlerge-bolingen/

pixel