Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жайлы мектеп" жобасы аясында Жамбылда 12 мектеп салынады

Опубликовано:

Ерболат Ибрайханов
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Жайлы мектеп" Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру аясында 2023-2025 жылдары Жамбыл облысында 9500 оқушыға арналған жаңа форматтағы құны 61 млрд 165 млн теңгені құрайтын 12 мектептің құрылысы жоспарланған. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Сондай-ақ ол, ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру мақсатында "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 962 қаулысымен бекітілді) аясында 2023-2024 жылдары құны 5,2 млрд теңгені құрайтын 30 денсаулық сақтау нысанын соғу жоспарланғанын да мәлімдеді. Яғни 2023 жылы 10 нысан, 2024 жылы 20 нысан соғу жоспарлануда.

Ерболат Ибрайханов
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Құрылыс жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 5 айында құрылыс нысандарына 46 (2022ж-26) жоспардан тыс тексеру жүргізілді, нәтижесінде 27 нұсқама (2022ж-7) беріліп, 77 әкімшілік іс қозғалды (2022ж-36), 21,6 млн теңгеге айыппұлдар салынды (2022ж-8 879 664). Әкімшілік жауапкершілікке 49 тапсырыс беруші (2022-21), 18 мердігер мекеме (2022-8), 1 жобалаушы мекеме (2022-3), 6 техникалық қадағалаушы (2022-3), 3 авторлық қадағалаушы (2022-0) тартылған. Өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамаған 1 мердігер мекеме ("Ерк-Астана" ЖШС) құрылыс лицензиясынан айырылды (2022-0), 3 техникалық қадағалаушының (А.Бозжигитов — "DACO Инжиниринг" ЖШС, Н.Кансеитов - "НеоГеоСтройпроект" ЖШС және Б.Исабаев — "ЗКА Проект" ЖШС) атестаты 6 ай мерзімге тоқтатылды (2022-0). Сонымен қатар құрылыс саласындағы кемшіліктердің көптеп орын алуын, шетелдегі табиғи апаттардың салдарын ескеріп, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жетілдіру мақсатында мораторийге байланысты Кәсіпкерлік кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, тексерулерге қатысты шектеулерді алып тастау бойынша үкіметке ұсынтар жолданды", - деп атап өтті Ибрайханов.

Өз сөзінде, облыс әкімінің орынбасары өңірдегі интернет мәселесіне де тоқталып, 2025 жылы облысымыздың елдімекендері 100% 4G-мен қамтылатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021756-zaily-mektep-zobasy-ayasynda-zambylda-12-mektep-salynady/

pixel