jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"29 градус ыстық, найзағай": бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Жауын-шашын
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер сәрсенбі, 24 мамырда Астана мен Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы болатынын, ал Алматыда күн күркіреп, найзағай ойнайтынын болжады. Бүгінгі ауа райы болжамы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда тағы да найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Сондықтан оңтүстік астанада дауылдық ескерту жарияланды. Күндіз термометр бағаны +21...+23 градусты көрсетсе, түнде ауа температурасы +8...+10 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с болса, бірақ найзағай кезінде жел екпіні 15 м/с дейін жетуі мүмкін.

Сәрсенбі Астанада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы күндіз +27...+29 градусқа дейін көтерілсе, түнде +10...+12 градусқа дейін төмендейді. Елордада желдің жылдамдығы 7-12 м/с болуы ықтимал.

Синоптиктер 24 мамыр Шымкентте де жауын-шашынсыз ауа райы сақталатынын болжады. Ауа райы болжамына сәйкес, қалада күндіз +27...+29 градусқа дейін ыстық болса, түнде +10...+12 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с, ал жел екпіні 15-20 м/с. Үшінші мегаполисте қатты желге байланысты дауылдық ескерту жарияланды.

"29 градус ыстық, найзағай": бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.