jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Астанада соңғы қоңырау қалай өтеді және түлектерге аттестат қашан тапсырылады

Мектеп бітіріп жатқан түлектер
Соңғы қоңырау. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астана қаласының білім басқармасы оқушылар үшін соңғы қоңырау қашан соғылатынын, мектеп түлектеріне аттестат қай күні тапсырылатынын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ қалалық білім басқармасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, биылғы оқу жылы көктемнің соңғы күнінде аяқталады.

"31 мамыр жалпы білім беретін мектептер бекітілген кесте бойынша сабақтар өткізеді және сол күні сынып сағаты өтеді. Балалар мұғалімдермен бірге оқу жылын қорытындылап, жазғы демалысқа арналған жоспарын талқылайды", - делінген басқарма хабарламасында.

Астана қаласының білім басқармасы 1 маусым балаларды қорғау күні - 4, 9 және 11 сыныптар үшін салтанатты іс-шара өтіп, түлектер үшін соңғы қоңырау соғылатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар хабарламада биыл оқу жылында Астанада 9-сыныпты 18 443 оқушы, 11-сыныпты 9 539 түлек аяқтайтыны айтылды.

"Маусымның алғашқы онкүндігінде 9 сынып түлектері қорытынды емтихан тапсырады, ал 11 сынып бітірушілер үшін мемлекеттік емтихандар маусымның 5-19 аралығында өтеді.

22 маусым күні түлектерге аттестат беріледі", - деді ведомстводан.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласындағы мектептерде барлық сынып үшін соңғы қоңырау соғылмайтыны туралы белгілі болды. Оқу жылының аяқталуына орай салтанатты іс-шара оңтүстік астанада тек 4, 9 және 11-сынып оқушылары үшін өткізіледі.

Астанада соңғы қоңырау қалай өтеді және түлектерге аттестат қашан тапсырылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.