Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі маусымға дейін тағы ұзартылды

Опубликовано:

Қайрат Құдайберген
Қайрат Құдайберген. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Іс материалдарымен танысу үшін Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі 21 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 2023 жылғы 19 мамырда сот қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының Қ-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін бір айға, яғни 2023 жылғы 21 маусымға дейін ұзарту туралы өтініші қанағаттандырылды және санкцияланды", - деп хабардар етті Алматы қалалық сотыны баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, Қайрат Құдайберген былтыр сәуір айында ұсталған болатын.

Содан бері оны қамауға алу мерзімі бүгінге дейін ұзартылып келе жатыр.

Экс-депутат қаңтар оқиғасы бойынша күдікке ілінген. Дегенмен, ол өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021910-qairat-qudaibergendi-qamauda-ustau-merzimi-mausymga-deiin-tagy-uzartyldy/

pixel