jitsu gif branding logo appbranding logo app

Төрт өңірде жаңбыр: бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады

жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 25 мамыр, бейсенбіде ел аумағында және Қазақстанның ірі қалалары – Астана, Алматы, Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық бөліктердің әсерінен бүгін еліміздің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал республиканың қалған аймақтарында жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі.

Сондай-ақ бүгін республика бойынша жел күшейіп, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл сақталады.

Сонымен қатар Павлодар облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, орталығында, Қарағанды облысының шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде өрт қауіпі сақталады.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматы қаласында күндіз +22...+24 градусқа дейін жылы болады. Түнде ауа температурасы +10...+12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Мамандар бүгін Астанада да күн жылы болатынын болжап отыр. Елордада күндіз ауа темперутасы +25...+27 градусқа дейін көтеріліп, түнде +10...+12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с.

Бейсенбіде Шымкентте де жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтілуде. Күндіз қалада +26...+28 градусқа дейін жылы болса, түнде ауа температуасы +10...+12 градусқа дейін төмендейді. Сондай-ақ синоптиктер бүгін үшінші мегаполисте қатты желге байланысты дауылдық ескерту жариялады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.