Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та бизнес ашқан қазақстандық қалай табысқа жетті

Опубликовано:

Нұрбосын Сыбанбаев
Фото: Нұрбосын Сыбанбаевтың жеке мұрағатынан

Нұрбосын Сыбанбаев Америка Құрама штаттарына қырықтан асқан шағында барған, алайда бұл оған жат елде табысты бизнес үйымдастыруға кедергі бола қоймады. Отандасымыздың оқиғасын KAZ.NUR.KZ баяндайды.

Нұрбосын Сыбанбаев Талдықорған облысы (қазіргі – Жетісу облысы) Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында туған. Оның әкесі де өзге ауылдастары секілді қант зауытында жұмыс істеп, кейіннен жеке шаруашылығын құрған. Анасы аудандық ауруханада медбике болып қызмет атқарған. Нұрбосынның өзінен кіші екі бауыры бар.

Сол заманның мыңдаған баласы секілді Нұрбосын да ғарышкер болуды армандапты. Ал ғылыми-фантастикалық әдебиетке деген қызығушылығы оның арманына қанат бітіргендей болатын. Мектепте де Нұрбосын сабақты жақсы оқыды: әсіресе нақты ғылымдар мен тарих сабағын сүйіп оқитын. Бос уақытында футбол ойнағанды ұнататын, тіпті аудандық команда сапында өнер көрсеткен кезі де болған.

Математика ғылымдарына деген қызығушылығы мамандық таңдау кезінде үлкен рөл атқарды. Нұрбосын Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университінің экономика факультетіне оқуға түспек болады. Экономика бакалавры дәрежесін алған соң Нұрбосын оқуды жалғастырмақ болып, магистратураға түседі. Оның екінші мамандығы – заңгер. Айта кететін бір жайт, ол бакалавриатта грант арқылы оқыса, магистратураға жұмыс істей бастаған шағында түсіп, ондағы оқу ақысын өзі төлеген.

Кейіпкеріміз адвокаттық лицензияға бірден қол жеткізгенін айтады. Нәтижесінде ол Алматыда сұранысқа ие адвокатқа айналған. Одан бөлек Нұрбосын бизнеспен айналысуға да ынталы еді және бұл салада да ол біраз жетістікке қол жеткізген. Ол бастаған әр ісі сәтті жүзеге асып, нәтиже әкелетінін зор мақтанышпен айтады.

2018 жыл Нұрбосын мен оның отбасы үшін маңызды жыл болды. Олар бұл жылы алғаш рет жарымен бірге АҚШ-қа барған еді. Онда көргені ерлі-зайыптыны таңғалдырғаны сонша, олар келесі жылы осы елге көшуді ұйғарады. Нұрбосын АҚШ-та өзінің бизнес-жоспарын толық жүзеге асыра алатынына сенімді болды.

Флорида штатындағы Орландо қаласына қоныстанған қазақ жігіті жүк тасымалы саласындағы бизнесін іске асыруға білек сыбана кірісіп кетеді. Көп ұзамай мұндағы мүмкіндіктер мен Нұрбосынның көздеген мақсатына жетпей қоймайтын қасиеті өз жемісін берді. Бірнеше жылдың ішінде бизнес өркендей бастады. Алайда Нұрбосын мұнымен тоқтамақ емес.

Қазіргі таңда Нұрбосын өз ісін кеңейту бағытында жаңа мүмкіндіктер қарастырып жатыр. Осы мақсатта Флорида мен өзге де штаттарда бірнеше орталық ашуды көздеп отыр. Батыс Вирджиния, Миссисипи және Мэнеден компаниясының жаңа нүктелерін ашу бизнесін дамытуға септігін тигізеді, деп санайды ол.

47 жастағы Нұрбосын Сыбанбаевтың жүріп өткен жолы биік мақсатқа тек қажырлы еңбек, сабырлық пен нәтижеге ұмтылудың арқасында қол жеткізуге болатынын көрсетеді. Өміріңді жақсартудың ерте-кеші жоқ. Десе де табысты бизнесті жолға қою да әркімге бұйыра бермейтіні анық. Адамның бойында кәсібилік, жұмысты беріліп істеу секілді ерекше қасиеттер болуы керек. Бастысы – жоспарлаған ойыңыз іске аспай қалса, берілмеңіз және ешбір жағдайда еңсеңізді түсірмеңіз.

Нұрбосын – бизнесмен ғана емес, сондай-ақ төрт баланың әкесі. Оның үлкен ұлы бүгінде колледж бітірсе, қалғандары мектепте оқиды. Төрт баланың әкесі бос уақытын толықтай отбасына арнауға тырысады. Орландо қаласында көңіл-көтеруге арналған саябақтар өте көп, сондықтан бос уақытты ұйымдастыру мұнда проблема емес. Тағы бір қуантарлығы, Флоридада төрт мезгіл жаз.

Нұрбосын мен оның отбасы АҚШ-тан көп дос тапты. Флорида – әлемнің төрт бұрышының халқы жиналған мекен. Нұрбосынның айтуынша, оған уақытын этномәдени ортада өткізген ұнайды. Әлбетте, Сыбанбаевтар отбасы туған жерімен байланысын үзбейді. Заманауи мүмкіндіктердің арқасында олар Қазақстанда қалған туыстарымен және достарымен үнемі хабарласып, хал-жайын біліп тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021992-aqs-ta-biznes-asqan-qazaqstandyq-qalai-tabysqa-zetti/

pixel