Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқу-ағарту министрі Қазақстанда биылғы оқу жылы не себепті ұзартылғанын түсіндірді

Опубликовано:

Кітапқа қарап отырған мектеп оқушылары
Мектеп оқушылары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев министрлер кабинетінің кулуарында Қазақстанда биылғы оқу жылының ұзартылуы мен 25 мамырдың қайтарылуына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министр Ғани Бейсембаев айтуынша, еліміздегі білім саласының дамуы мен сапасына баса назар аудару керек.

"Қазір біз стандарттар мен бағдарламаларды сәйкестендіру, оқытудың сапасы мен әдістерін жақсарту бойынша шаралар қабылдап жатырмыз. Біздің балаларымыздың әлемнің бәсекеге қабілетті азаматы болуына ешкім қарсы болмас деп ойлаймын", - деді министр.

Сондай-ақ министр оқу жылының қанша уақытқа созылатыны жөнінде әлемдік тәжірибені зерттегендерін атап өтті.

"Осы күнге дейін бізде оқу жылы 34 апта болатын. Енді оны ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы – ред.) стандарттарына сәйкестендіру үшін оқушыларға түсетін жүктемені азайту керек, бұл шешім сала мамандарымен бірлесіп қабылданды. Бұл стандартарр оқу бағдарламаларына енгізілген және 36 апталық оқуға негізделген. Сондықтан оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Егер 34 аптаға қайта оралатын болсақ, бес күндік оқу аптасынан бас тартуға тура келеді", - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, өткен оқу жылы балалардың ата-аналарымен көбірек уақыт өткізуі үшін де ұзартылған.

"Мынадай бір шығу жолы бар: онда математика, физика, ағылшын, қазақ, орыс тілдерінің сағаттарын қысқарту керек болады. Қайсысы жақсы? Бірақ біздің мақсатымыз біреу, ол - оқушыларымызға сапалы білім беру. Бұл мәселе бойынша шешім мамандармен бірге қабылдануы керек. Өйткені, бұл соңғы қоңырау, жай ғана 25 мамырды айыстыру емес, бұл - 36 апталық оқу бағдарламасына қатысты нақты мемлекеттік стандарт.

Оны бірден қалпына келтіру (бұрынғы оқу жылын-ред.) мәселесі басқа да өзгерістерге алып келеді. Яғни 6 күндік оқу жоспарына немесе пәндегі оқу сағаттарынвң қысқаруына әкелуі мүмкін. Бұл жай ғана қайтара салатын дүние емес, Сондықтан, білім саласында мұндай шешім қабылдауда жіті, дұрыс сараптаудан өткізу керек", - деп түйіндеді сөзін министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022041-oqu-agartu-ministri-qazaqstanda-biylgy-oqu-zyly-nege-uzartylganyn-tusindirdi/

pixel