Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүз мектеп бере алмайды": ұлына тосынсый жасаған ер адамға жұрт риза болды

Опубликовано:

видео
Видеодан кадр: Instagram/shyndykz

Әлеуметтік желіде ұлына тосынсый жасаған ер адамның видеосы тарап, көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы видео shyndykz тобында жарияланды.

Кадрдан ер адамның ұлының көзін байлап, тосын сый жасағанын аңғару қиын емес.

"Әкелер аман болсын. Телефонға қарағанда осы сыйлық дұрыс па?" - делінген видео мәтінінде.

Бұны көрген желі оқырмандары пікірлерін жарыса жазып, әке мен баланың махабатына қызыға қарағанын жеткізді.

"Тамаша", "Шынайы қуанды", "Құттықтаймын", "Көзіме жас келді. Әкемді сағындым", "Қатты қуанғаны сонша, носкимен мініп алды. Қуаныштымын", "Әке мен баланың махабатын көрдім. Қатты қуанып отырмын", "Бір әкенің тәрбесін жүз мектеп бере алмайды", "Ұялы телефонға қарағанда осы сыйлық әлдеқайда жақсы", "Ақылды бала екен, бірден ата анасын құшақтады", "Квадратцикл кішкентай балаға қауіпті болуы мүмкін. Өскен соң жүргізер", "Не де болса, үлгілі отбасы екен", "Керемет", "Сыйлықты баланың ұзақ күткені көрініп тұр"- деді олар.

Еске сала кетейік, бұған дейін үйлену тойда екі жасқа жігіт жолдас пен қыз жолдастың ерекше сыйлық бергенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022095-zuz-mektep-bere-almaidy-ulyna-tosynsyi-zasagan-er-adamga-zurt-riza-boldy-vidyu/

pixel