jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматының бірнеше шағынауданында суық су уақытша болмайды

Краннан ағып тұрған су
Краннан ағып тұрған су. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматының бірнеше шағынауданы бір күнге суық судан ажыратылады, деп хабарлайды "Алматы су" МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Алматы су" мемлекеттік кәсіпорынының хабарлауынша, оңтүстік астанада бірқатар шағынауданда сумен жабдықтау желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты, суық су жергілікті түрде ажыратылатын болады.

"30 мамыр күні сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін "Орбита-1, 2, 3, 4", "Таугүл - 1, 2", "Мамыр-1, 4, 5, 6, 7", "Алмас", "Атамекен", "Қуаныш", "Достық" шағынаудандары мен М.Кәрім, Цветочная, Ықылас, Тойбастар, Тайбұрыл, Пролетарская көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру уақытша шектеледі", - делінген ресми хабарламада.

Мекеме уақытша қолайсыздық үшін қала тұрғындарынан кешірім сұрайды.

Еске салайық, Алматының Түрксіб ауданында да жөндеу жұмыстарына байланысты ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша ажыратылады. Бірқатар тұрғын үй мен басқа да ғимаратқа ыстық су берілуі 9 маусымға дейін шектеледі.

Алматының бірнеше шағынауданында суық су уақытша болмайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.