Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шаштараз іздейміз": Алматы зообағы альпаканың жүнін сәнді етіп қырқып беретін маман іздеуде (видео)

Опубликовано:

Алматы зообағындағы альпака
Алматы зообағындағы альпака. Видеодан кадр : instagram.com/almatyzoo

Алматы зообағы альпаканың жүнін қырқып беретін арнайы маман іздеуде. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық зообақтың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы зообағының мәліметінше, зообақа келушілердің көбі жануарлардың күтімі жоқ, жүндері түсіп, қараусыз жүр деп ойлайды.

"Шынында жануарлардың денсаулығы да, күтімі де жақсы. Олардың жүндері түсіп, түр-түстері күтімсіз болып көрінуі – қалыпты табиғи жағдай. Жануарлар көктем мезгілінде түлейді, яғни, қыс кезінде жылу берген қалың жүндері түсіп, орнына жаңасы өсіп шығады", - дейді зообақ әкімшілігі.

Сонымен қатар зообақ әкімшілігі қасқыр, түлкі, аю, бұғы, түйе осы кезде түлейтінін, ал леопард, пони және Пржевальск жылқысының жүні жұқа болғандықтан, олардың түлегені аса білінбейтінін атап өтті.

Мамандардың айтуынша, маусым айының ортасында жануарлардың түлеуі тоқтап, одан кейін олар жаңа кейіпке еніп, түр-түстері де қайтадан бұрынғы қалпына келеді.

"Барлық жануарлар өздігімен түлейді, біз тек түйелердің ғана жүнін қырқамыз. Сонымен қатар біз түйетұқымдас жануар - Шоколадка есімді альпаканың да жүнін қырқамыз.

Бірақ зообақ қызметкерлерінің арасында арнайы грумер (жануарлардың тері, жүндерін қалыпқа келтіретін маман) жоқ.

Сіздердің араларыңызда "жануарлардың шаштаразы" болып, осы жұмысты қорықпай атқара алатындарыңыз бар ма? Мүмкін, біздің альпаканың жүнін өзгеше, сәнді қылып ретке келтіріп беретіндер бар шығар?", - дейді Алматы зообағының әкімшілігі.

Алматы зообағы Альпакаға грумер болғысы келетіндерді зообақта күтетінін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022210-osy-zumysty-qoryqpai-atqara-alatyndarynyz-bar-ma-almaty-zoobagy-alpakanyn-zunin-sandi-etip-qyrqyp-beretin-maman-izdeude-video/

pixel