Астана әуежайында алдағы күндері ұшақтардың қозғалысы шектеледі
Жарияланған күні:
Астана халықаралық әуежайындағы ұшу-қону жолағы сол маңдағы резеңке қалдығын тазартуға байланысты 31 мамыр мен 7 маусымда аралығында арнайы уақытқа жабылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ведомство мәліметінше, елорда әуежайындағы ұшу-қону жолағы 31 мамыр мен 7 маусым аралығында сағат 13:20-дан 17:20-ға дейінгі уақытта 4 сағатқа жабылады.
Астана халықаралық әуежайының қызметкерлері ұшу-қону жолағын резеңке қалдығынан тазартады.
"Жұмыстар азаматтық авиациядағы әуеайлақты қамтамасыз ету қағидалары шеңберінде орындалатын болады. Ережеге сәйкес, әуеайлақ қызметінің қызметкерлері жылына екі рет ұшу-қону жолағындағы резеңке қалдықтарын алып тастауға міндетті", - делінген хабарламада.
Ведомство өкілдері мұндай жұмыстарды орындау ҰҚЖ-ны кем дегенде 4 сағатқа жабуды талап ететінін атап өтті.
Сонымен қатар ұшу-қону ең аз орындалатын күндер алдын-ала анықталған
"Резеңке қабаттарын кетіру жұмыстары арнайы сұйықтық пен щеткамен жұмыс жасау арқылы жүзеге асырылады. Резеңке қабаттарын алып тастау әуежайларда жоспарлы жұмыстар болып табылады және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орындалады", - деді ведомстводан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022283-astana-auezaiynda-31-mamyr-men-7-mausym-aralygynda-usaqtardyn-qozgalysy-sekteledi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.