jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Бүгін елміздің үш облысында қатты ыстық күтілуде

субұрқақта шомылып жүрген балалар
Субұрқақта шомылып жүрген балалар. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Синоптиктер 29 мамыр, дүйсенбіде ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады. Ауа райы туралы мәлімет "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін республикамыздың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде.

Сондай-ақ Ақтөбе, Қостанай, Атырау облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық күтілуде.

Қостанай, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығы мен шығысында, Атырау облысының шығысында, Шығыс, Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының солтүстігінде өрт қауіпі сақталады.

Синоптиктердің болжамынша, сонымен қатар бүгін республика бойынша жел күшейіп, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Ал оңтүстік-шығыста түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Бүгін елміздің үш облысында қатты ыстық күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.