Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қала күніне орай Ақтөбе қаласы әкімінің кубогы үшін республикалық пікірсайыс турнирі өтті

Опубликовано:

Концерт
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

27-28 мамыр күндері Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қала күніне арналған Ақтөбе қаласы әкімінің кубогы үшін республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Күн санап өркендеп келе жатқан Ақтөбе қаласын ел жастарына көрсету, жастардың өз ойын ашық айтып, қоғамда болып жатқан жағдайларға баға беру, көзқарас қалыптастыру, қала жастары арасында пікірсайыс қозғалысын дамыту, оларды патриотизмге тәрбиелеу мақсатында өткен республикалық турнирге университет пен колледж студенттері және мектеп оқушыларынан құралған 60-тан астам фракция өтініш білдіріп, іріктеуден өткен 32 фракция қала әкімінің кубогын сарапқа салды. Турнирге Астана, Алматы, Шымкент, Тараз қалаларынан, Ақмола, Түркістан, Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарынан және Ақтөбе қаласынан фракциялар қатысты.

Турнир
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Турнирдің ашылу рәсімі мемлекеттік гимнмен басталды. Онда патриоттық әндер айтылды. Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрсұлтан Қожабеков жастарды қала күнімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Турнир брейфингпен жалғасты. Брейфингте турнирдің бас төрешісі Исламбек Бітімбай және "Заман біздікі" ИЭО жетекшісі Аманжол Ханиев турнирдің өткізілу форматына тоқталып, қарарлармен таныстырды.

Қала күніне орай Ақтөбе қаласы әкімінің кубогіне арналған Республикалық пікірсайыс турнирінде еліміздің әр өңірінен келген жастар төмендегідей мәселелерді талқылады.

Турнир қарарлары:

  1. БП түсік жасатуға рұқсат беру немесе тыйым салу туралы шешім тек әйелдер қатысатын референдумдарда қабылдану керек д.е.
  2. БП: Google компаниясы суицид жағдайларына байланысты іздеулерді билік органдарына хабарлау керек деп есептейді.
  3. Қаптағы мысық.
  4. БП Ақтобе облысында сыртқы туризмді дамытудың механизмін ұсынады.
  5. БП Қазақстан экономикасындағы ипотекалық жүйеге оң баға береді.
  6. БП Шарын және орта кәсіпкерлікке мораторийді ұзарту қажет д.е.
  7. БП. Қазақстанның Ипотекалық несие жүйесіндегі негізгі проблемасын көрсетеді.
  8. Қаптағы мысық.
Концерт
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Салтанатты марапаттау рәсіміне қатысқан Ақтөбе қаласының әкімі Мұрат Жөребеков жастарды қала күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Пікірсайыс жүлдегерлерін арнайы алғыс хаттармен және бағала сыйлықтармен марапаттады.

Төрешілердің шешімі бойынша жүлделі орындар келесі ретпен берілді:

  • 1 орын - "Тэо ойында" фракциясы (Есеннов Темірлан, Әлішбаев Мұхаммедәлі)
  • 2 орын - "Мұхаммед Хайдар Дулати" фракциясы (Жумашов Бекзат, Өмірбеков Дархан)
  • 3 орын - "Әлихан Бөкейханов" фракциясы (Бесбаев Ақан, Абжан Темірхан)
  • Үздік спикер - Бесбаев Ақан
  • Үздік төреші - Токмурзаев Асылбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022462-qala-kunine-orai-aqtobe-qalasy-akiminin-kubogy-usin-respublikalyq-pikirsaiys-turniri-otti/

pixel