Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құтқарушылар Алматы тауларында адасып кеткен екі Ресей азаматын тапты

Опубликовано:

Алматы таулары
Алматы таулары. Фото: gov.kz

Алматы тауларындағы Аюсай шатқалында үш турист жоғалып кеткен, оның екеуі Ресей азаматы болып шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, 29 мамыр күні түнгі сағат 01.06 ТЖМ Республикалық жедел құтқару жасағына Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінен Аюсай шатқалында ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Жоғалған адамда байланыс құралдары да, нақты геолокация да болмаған.

Кейін белгілі болғандай, үш адамнан тұратын туристік топ әлеуметтік желіде бір-бірімен хабар алысып, Алмарасан шатқалынан бастап, одан әрі Проходное шатқалынан - Аюсай шатқалына дейінгі бағыт бойынша тауға кеткен. Кеш түскенше туристер үйлеріне оралуға тиіс еді, бірақ ешқайсысы қалаға қайтып келмеген.

Туристерді іздеуге 7 адамнан тұратын РЖҚЖ жедел тобы, оның ішінде 1 кинологиялық есеп жолға шыққан.

"Сағат 03.10 ТЖМ қызметкерлері Аюсай шатқалына келіп, іздеу шараларына кірісті. Құтқарушылар 2 топқа бөлінді: біріншісі Космостанция аймағынан іздеуді бастаған, ал екіншісі Проходное шатқалынан өтті. Таңертең ер адамның туыстары қоңырау шалып, бәрі жақсы екенін хабарлады, туристік топ тауда түнеп шыққан екен.

Алайда біраз уақыттан кейін жоғалғандардың бірі дұрыс жолмен төменге түсіп келе жатқандарына күмәнданып, жұбайына SMS-хабарлама жіберген және құтқарушылардан төменге түсуге көмек сұраған.

Сағат 15.30 құтқару бөлімшесінің басшысы жоғалған туристер Аюсай шатқалындағы екінші сарқыраманың үстінен табылып, жедел топ туристермен көлікке қарай түсіп бара жатқандығы туралы ақпарат берді", - делінген ведомство хабарламасында.

Ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпеген. Осылайша 1993 жылы туған ер адам мен екі ресейлік азамат - 1990 жылы туған әйел және 1980 жылы туған ер адам құтқарылған.

"РЖҚЖ құтқарушылары таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салады. Тауға шықпас бұрын, бағытыңызды мұқият жоспарлаңыз. Рельефті және жорықтың барлық қауіпті аймақтарын алдын-ала зерттеңіз, физикалық мүмкіндіктеріңізді бағалаңыз. Аюсай шатқалындағы сарқырамалар ерекше қауіп төндіреді және бір сарқырамадан екіншісіне жол тартқан кезде қырағылық таныту қажет. Сарқырамалар биік, тайғақ жартастарға жақындауға болмайды, сізде арнайы аяқ киім болуы керек, мүмкіндігінше туристер өздерімен бірге арнайы жабдықтармен жабдықталуы керек", - деп ескертеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022568-qutqarusylar-almaty-taularynda-adasyp-ketken-eki-resei-azamatyn-tapty/

pixel