Қатты ыстық, өрт қаупі: бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Синоптиктер 31 мамырда ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады. Сәрсенбіге арналған ауа райы туралы мәлімет "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланды.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін тек республиканың солтүстігі мен оңтүстік жартысында жауын-шашынсыз күн ашық болады. Қазақстанның қалған бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде.
Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, солтүстікте тұман түсуі ықтимал.
Сонымен қатар бүгін Атырау облысының басым бөлігінде, Ақтөбе, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігінде және батысында қатты ыстық күтілуде.
Ал Қостанай облысының басым бөлігінде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында жоғары өрт қаупі, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Павлодар облысының шығысы мен орталығында, Атырау, Қарағанды облыстарының шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Абай облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022723-qatty-ystyq-ort-qauipi-mamyr-aiynyn-songy-kuninde-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/