jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Алдағы күндері Қазақстанда 43 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде

жаз айы
Субұрқаққа қонған құс. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жаздың алғашқы күндері Қазақстанда ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде. Кейбір өңірлерде 35 градустан жоғары аптап ыстық болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

"Ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтілуде, күндізгі уақытта күн елдің солтүстік-батысы мен солтүстігіндегі ауаны +36 ...+41 градусқа дейін қыздырады, ал шығыста +28 дейін...+33 градус, елдің орталығында +30...+39 градусқа дейін ыстық күтіледі, оңтүстікте + 37 ...+43 градус аптап ыстық, оңтүстік-шығыста +30...+37 градус", – делінген синоптиктердің хабарламасында.

Консультативтік ауа-райы болжамына сәйкес, маусым айында елдің көп бөлігінде ыстық ауа-райы болады деп күтілуде.

Синоптиктер болжағандай, бір айдағы орташа ауа температурасы республиканың көп бөлігінде нормадан 1-2 градусқа жоғары, елдің солтүстігінде, солтүстік – шығысында, шығысында, оңтүстік-шығысында нормаға жақын болады.

Норма Қазақстанның басым бөлігінде +18 ...+23 градус екенін ескерсек, елдің оңтүстік-батыс жартысында +24...+28 градус, республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы аудандарда +7...+ 17 градус.

Алдағы күндері Қазақстанда 43 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.