Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада халықаралық волонтерлар форумы өтеді

Опубликовано:

ерікті жастар
Дархан Қыдырәлі ерікті жастармен кездесуде. Фото: facebook.com/darhan.hidirali

20-21 маусымда Астанада Халықаралық волонтерлер форумы өтеді. Оған алыс-жақын шет елдерден, еліміздің барлық өңірлерінен делегаттар қатыспақшы. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Facebook парақшасында хабарлады.

Министрдің сөзінше, Астанада бір топ ерікті жастар бас қосып, 20-21 маусымда Астанада өтетін жиынның жай-жапсарын талқылаған.

"Өздеріңізге белгілі, мемлекет басшысы БҰҰ Бас ассамблеясының 75-ші сессиясында волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау туралы бастама көтерген еді. Осыған орай жылда елордада волонтерлер бас қосады.

Жалпы ағайын боп асарлатып, ұлт болып үме жасау, жұрт болып жұмылу қанымызда бар қасиет. Сондықтан осы жолғы жиынның бас сөзі #Тектегі_ізгілікті_оят деп алынуының өзі тегін емес", - дейді Дархан Қыдырәлі.

Жиынға қатысуға қызығушылық танытқандардың көптігіне және волонтерлердің ұсынысына орай, өңірлік қатысушы-волонтерлерді іріктеу конкурсы өткен. Оның қорытындысына сәйкес 80 волонтер өңірлік делегаттар ретінде таңдалған. Сондай-ақ министр арнайы акциялар ұйымдастыру жоспарда бар екенін айтады. Ал алдағы уақытта Астанада Халықаралық волонтерлік орталық ашылмақ.

Айта кететін жайт, форумның дайындық жұмыстарына Қазақстандағы БҰҰ-ның Еріктілер бағдарламасының өкілдігі, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығы, "Ұлттық волонтерлік желісі" және басқа да волонтерлік және халықаралық ұйымдармен әріптестік қарым-қатынаста атсалысуда. Алыс-жақын шет елдерден, еліміздің барлық өңірлерінен делегаттар қатыспақшы.

Форум туралы толық ақпарат оның ресми сайтында орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022802-astanada-xalyqaralyq-volonterlar-forumy-otedi/