Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты іс бойынша 14 млн АҚШ доллары мемлекетке қайтарылды

Опубликовано:

Қайрат Сатыбалды
Қайрат Сатыбалдыұлы. Фото: ethnosport.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас прокуратурамен бірлесіп Біріккен Араб Әмірліктерінен жалпы сомасы 14 млн АҚШ долларын қайтарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикордың Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру аясында елден заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын және өзге де мүлікті қайтару жөнінде шаралар қаралып жатқанын мәлімдеді.

"Осы жылдың мамыр айының соңына қарай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін Бас прокуратурамен бірлесіп, Біріккен Араб Әмірліктерінен жалпы сомасы 14 млн АҚШ долларын қайтарды.

Аталған қаражат мемлекет кірісіне айналдырылып, әлеуметтік мақсаттарда пайдаланылатын болады", - деді антикор өкілдері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, қылмыстық қудалау басталғаннан бері мемлекетке заңсыз сатып алынған Қайрат Сатыбалдыұлы және онымен байланысты тұлғалардың 464 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік активтері мен ақшалай қаражаттары қайтарылған.

"Оларға әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді көліктер, қолма-қол ақша, акциялар мен компаниялардың үлестері, сондай-ақ теміржол кіреді.

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, былтыр қыркүйекте Қайрат Сатыбалдыұлы 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сот Қайрат Сатыбалдыұлына мүлкін тәркілей отырып, сонымен бірге мемлекеттік қызметте, Ұлттық банкте, Ұлттық компанияларда және басқа да мекемелерде 10 жыл бойы лауазымды қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Еске сала кетсек, Қайрат Сатыбалдыұлы 2022 жылдың наурыз айында ұсталған. Кәсіпкер лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және аса ірі көлемде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының қаражатын жымқыру фактісі бойынша деген күдікке ілінген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022840-qairat-satybaldyulyna-qatysty-isi-boiynsa-14-mln-aqs-dollary-memleketke-qaitaryldy/

pixel