Баласы нашар баға алғаны үшін ата-анаға айыппұл салынатыны рас па
Жарияланған күні:

Әлеуметтік желідегі пабликтердің бірінде балалары мектепте нашар оқитын ата-аналарға айыппұл салуды көздейтін жаңа заң жобасы талқыланып жатқаны жайлы ақпарат тарады. Өңірдің білім басқармасы бұл хабарламаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды stopfake.kz сайты.
Баласы нашар баға алғаны үшін ата-анаға айыппұл салынатыны туралы ақпарат Instagram-дағы "Қарағанды жаңалықтары" паблигінде жарияланған.
Бұған қатысты жауап берген Қарағанды облыстық білім басқармасының мәліметінше, алаңдауға негіз жоқ. Себебі ақпарат шындыққа жанаспайды.
"Қолданыстағы заңнамада балалардың қанағаттанарлықсыз бағалары үшін ата-аналардың жауапкершілігі қарастырылмаған. Осындай жаңашылдықтар енгізілген нормативтік-құқықтық актілердің жобалары талқылауға шығарылған жоқ.
Қандай да бір білім беру реформаларына қатысты нақты мәліметтер алу үшін ресми ақпарат көздерін пайдалануды ұсынамыз", – делінген Қарағанды облыстық білім басқармасының хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022857-balasy-nasar-baga-algany-usin-ata-anaga-aiyppul-salynatyny-ras-pa/