jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Жаздың бірінші күні ел мегаполистерінде 35 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде

Теріс қарап тұрған қыз
Жаздың күні. Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер 1 маусым, бейсенбі күніне арналған Қазақстанның ірі қалаларындағы ауа райының болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМҚ ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін күндіз Алматыда сынап бағанасы +27...+29 градусты көрсетсе, түнде ауа температурасы +13...+15 градусқа дейін төмендейді. Мегаполисте жауын-шашын болмайды деп күтілуде, желдің жылдамдығы 2-7 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Астанада күндіз ауа температурасы +33...+35 градусқа дейін көтеріледі, түнде +16...+18 градус жылы болады деп күтілуде. Бүгін елорда да жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 2-7 м/с болады.

Синоптиктер Шымкентте күндіз сынап бағанасы +32...+34 градусты көрсетеді деп болжайды, ал түнде ауа температурасы +18...+20 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Қалада жауын-шашын болмайды, алайда синоптиктер жел күшеюі мүмкін екенін ескертеді. Мұнда желдің жылдамдығы 8-13 м/С, екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде. Осыған байланысты Шымкентте дауылдық ескерту жарияланды.

Жаздың бірінші күні ел мегаполистерінде 35 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.