Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"44 градус ыстық, өткінші жаңбыр": маусым айында елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Жаз мезгілі
Жаз мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер жаздың алғашқы айында елімізде ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, маусым айының бірінші онкүндігінде Қазақстан территориясының басым бөлігінде күн ыстық болады

Елімізде бойынша ауа температурасы айтарлықтай жоғарылайды. Атап айтқанда,

  • еліміздің оңтүстігінде түнде +20+27°С-қа дейін, күндіз +35+44°С-қа дейін;
  • республиканың солтүстігі мен орталығында түнде +17+25°С-қа дейін, күндіз +33+41°С-қа дейін;
  • еліміздің оңтүстік-шығысында түнде +8+16°С-тан +20+25°С-қа дейін, күндіз +24+31°С-тан +34+39°С-қа дейін,
  • республиканың шығысында түнде +2+10°С-тан +15+23°С-қа дейін, күндіз +21+28°С-тан +33+38°С-қа дейін ауа температурасы көтеріледі.

Сипоптиктер тек еліміздің батысында циклондардың әсерінен найзағаймен бірге өткінші жаңбыр жауатынын болжады. Республиканың баьыс аймақтарында ауа температурасы түнде +18+25°С-тан +13+20°С-қа дейін, күндіз +30+38°С-тан +25+33°С-қа дейін төмендеуі күтіледі.

Бірінші онкүндіктің соңында циклонның әсері тек батыс аумақтарға ғана емес, біртіндеп төменгі қысым аймағы еліміздің барлық территориясын қамтиды.

Республиканың басым аумағында найзағаймен бірге өткінші жаңбыр жауып, жел күшейіп, бұршақ пен шаңды дауыл болуы да мүмкін. Сонымен қатар қысқамерзімге ыстықтың төмендеуі болжанады.

Бұдан бөлек маусым айының екінші және үшінші онкүндігінде ыстық күндер өткінші жаңбыр, екпінді жел, найзағай, бұршақ және шаңды дауылмен бірге салқын ауа райымен ауысып отырады, дейді мамандар.

Метеорологтар тұрақсыз ауа температурасының күтілетінін айтты. Мәселен,

  • еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында түнде +10+20°С-тан +16+26°С-қа дейін, күндіз +21+31°С-тан +31+40°С-қа дейін;
  • республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында түнде +5+15°С-тан +11+21°С-қа дейін, күндіз +16+26°С-тан +26+36°С-қа дейін;
  • еліміздің оңтүстігінде түнде +13+23°С-тан +18+28°С-қа дейін, күндіз +25+35°С-тан +32+42°С-қа дейінгі аралықта құбылмалы ауа температурасы сақталады.

Сипонтиктер маусым айында орташа айлық ауа температурасы еліміздің басым аумағында нормадан 1-2° жоғары деп болжады.

Шығыс Қазақстан облысы, Абай және Жетісу облыстарының басым бөлігі, Павлодар облысының солтүстік-шығыс жартысы, Алматы облысының оңтүстік-шығысында қалыпты ауа температурасы күтіледі.

Сондай-ақ жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде нормадан аз болады. Ал республиканың солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстіктің таулы аудандарында жауын-шашын мөлшері бірқалыпты болады деп болжанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022905-44-gradus-ystyq-otkinsi-zanbyr-mausym-aiynda-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel