jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

"Бір рет қана "екі" алғанмын": Оқу-ағарту министрі мектепте оқу үлгерімі қандай болғанын айтты

Ғани Бейсембаев
Ғани Бейсембаев. Фото: primeminister.kz

Бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының аяқталуына байланысты елорда мектептерінің бірінде өткен салтанатты іс-шараға қатысты. Одан соң министр журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шара аяқталған соң министр журналистерге мектепте қалай оқығанын айтты.

"Ата-анам, әсіресе анам менің бағаларымды қадағалады. Ата-анамды қуанту үшін үнемі жақсы оқуға тырыстым. Өйткені, мен "бес" алған сайын анам дәмді бәліштер, тоқаштар пісіретін, жақсы баға алған сайын біздің үйде қуанышты, жағымды аура болатын", – дейді Ғани Бейсембаев.

Сонымен қатар министр мектепте жақсы оқығанын, тек бір рет "екі" алғанын айтады.

"Менде 11-сыныпта АӘД (алғашқы әскери дайындық – ред.) пәнінен бір ғана "екі" болды: формам болмағандықтан маған "екі" қойды. Әйтпесе менде үнемі "төрт" пен "бес" болатын", – дейді Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ министр мектепті осыдан 30 жыл бұрын бітіргенін де атап өтті.

"Мектебімізде мектеп бітіру кеші болған емес... Біздің уақытта ешқандай мерекелік шаралар, қазіргідей іс-шаралар болмады. Бірақ өзім мұғалім болып жұмыс істеген кезде әрине, оқу жылы аяқталды деп бүгінгідей балалармен бірге қуанатынмын", – дейді Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, биыл қазақстандық мектеп оқушылары үшін оқу жылы 25 мамырда емес, 1 маусымда аяқталды.

"Бір рет қана "екі" алғанмын": Оқу-ағарту министрі мектепте оқу үлгерімі қандай болғанын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.