jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Ерекше бақылауда болады": оқу-ағарту министрлігі мектеп бітіру кештері туралы пікір білдірді

Пандемия кезіндегі соңғы қоңырау
Соңғы қоңырау.Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Оқушылар мен түлектердің мектеп бітіру шарасынан кейін түнгі ойын-сауық орындарында болуы заңмен қатаң реттеледі. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Брифингте сөз сөйлеген вице-министр Еділ Оспан айтуынша бүгін барлық мектепте түлектер арнайы салатанатты іс-шараға қатысты.

"Осы шараны өткізгеннен кейін мектеп түлектері осындай сәтті атап өтуі мүмкін. Бұл - ата-аналар мен мектептің өз еріктерінде. Алайда бұл іс-шараларды өткізуге қатысты бірқатар ереже бар екенін атап өту қажет. Ең алдымен бізде қазір сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға, оның ішінде оны ұйымдастыруға арнайы агенттіктерді тартып, арнайы студияларды жалдауға ақша жинауға тыйым салынған. Осының алдында да ата-аналар мен педагогтерді ескерттік" - деді вице министр.

Еділ Оспан балалардың түнгі ойын-сауық мекемелерінде болуы заңмен қатаң реттелетінін атап өтті.

"Бұл жағдайларда балалардың заңды өкілдерінің бірге болуы, қоғамдық тәртіптің бұзылмауы ерекше бақылауда болады. Мектепті аяқтау - кез келген жасөспірім үшін маңызды, толқитын сәт. Сондықтан мектеп, ата-ана, мемлекеттік орган осы сәтте түлектердің шалыс қимыл, қателік жасамауына, ол сәтті ерекше өткізуіне қолдау көрсетуі керек. Заңдағы шектеу шаралары да осыған бағытталған", - деді ол.

"Ерекше бақылауда болады": оқу-ағарту министрлігі мектеп бітіру кештері туралы пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.