jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Көшеде кетіп бара жатқан адамдар
Көшеде кетіп бара жатқан адамдар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2023 жылғы мамыр айындағы есеп бойынша Қазақстан халқының саны 19 854 083 адамға жетті. Бұл туралы мәлімет Ұлттық статистика бюросының ресми сайтында жарияланды.

Ұлттық статистика бюросы 1 мамырда Қазақстан халқының саны туралы жаңартылған мәліметті ұсынды.

"2023 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша республикадағы халық саны 19 миллион 854 083 адамға жетті", - делінген бюро есебінде.

Оның ішінде қала халқы - 12,2763 млн, ауылдықтар 7,5777 млн адамға жеткен.

Бюро дерегінше, жыл басынан бері жалпы өсім 87 276 адамға көбейген.

Статистикалық бюра жариялаған деректер бойынша Астанада 1 371 309 адам, Алматыда 2 179 568 адам, Шымкентте 1 200 703 адам тұрады.

Ал теріс демографиялық көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында тіркелді.

Сонымен қатар жыл басында елімізде 19 766 807 миллион адам тізімге алынған, яғни халық саны 0,44 пайызға өскен.

Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.