jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде аптап ыстық күтілуде

Субұрқақ
Жаз мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер жұма, 2 маусымда елімізде ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің батысында, солтүстік-батысында, күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Сонымен қатар республика бойынша жел күшейіп, батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Сондай-ақ бүгін Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында қатты ыстық, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында өте қатты ыстық болады деп күтілуде.

Бүгін Астана мен Шымкентте де қатты ыстыққа байланысты дауылдық ескерту жарияланып отыр. Жұмада Астанада күндіз 35-37 градусқа дейін ыстық болса, Шымкентте 34-36 градусқа дейін ыстық болмақ.

Бұдан бөлек мамандар Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Атырау  облысының шығысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Абай облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында өрт шығу қаупі сақталатынын, ал Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында, Жамбыл облысының басым бөлігінде өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертті.

Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде аптап ыстық күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.