Мәжіліс депутаты қазақстандықтардың моншаға аз баруына не себеп болғанын айтты
Жарияланған күні:
Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров қазақстандықтардың моншаға аз бара бастағанын айтты. Оның пікірінше, оған азық-түлік бағасымен қоса қызмет көрсетудің де қымбаттауы себеп, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Саиров мәжілісте шенеуніктер мен депутаттар елдегі баға туралы есеп бермес бұрын базарларды аралап, нақты сандарды айтуы керектігін айтты.
Ол Қырғызстан мен Өзбекстандағы инфляцияның Қазақстандағыдан төмен екендігін атап өтті.
"ЖІӨ өсімін инфляция жұтып жатыр. "Артем" базары мен Small супермаркетіне бардым делік – күнделікті тұтынатын май, нан, макарон, күріш сияқты өнімдер 80 пайызға өскен. Бұл туралы неге айтпаймыз?
Тағы мен "Керемет" моншасына барамын. Қазір адамдар моншаға аптасына бір емес, екі аптада бір рет баратын болған. Неге? Өйткені, ол жақта да баға көтерілген", – деді депутат.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023143-mazilis-deputaty-qazaqstandyqtardyn-monsaga-az-baruyna-ne-sebep-bolganyn-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.