jitsu gif

Қазақстандағы ең алып адам бастап шықты: ұлттық киім киген 1000-ға жуық атыраулық шеру өткізді

Атыраулықтар ұлттық киіммен шықты
Ұлттық киім киген атыраулықтар. Фото: KAZ.NUR.KZ/Әйгерім Сайқын

Рәміздер күні қарсаңында Атырау тұрғындары ұлттық құндылықты ұлықтап, төл дәстүрді дәріптеу мақсатында шеруге шықты. 1000-ға жуық атыраулық екі шақырым қашықтықты жаяу жүріп өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қала тұрғындарына ұлттық үлгідегі сәнді киім-кешектерді көрсетейік, насихаттайық деген бастамамызды қарапайым жандар, 70-тегі қариядан бастап, 5 жастағы балаға дейін, ақ жаулықты зейнеткер апаларымыз да қолдап, арнайы келіп отыр.

Атыраулықтар ұлттық киіммен шықты
Ұлттық киім киген Атырау жастары. Фото: KAZ.NUR.KZ/Әйгерім Сайқын

Рәміздер күні қарсаңында ұлттық құндылығымызды насихаттау барысында осындай шараны өткізуді жөн көрдік", – дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.

Атыраулықтар ұлттық киіммен шықты
Ұлттық киім киген мыңға жуық атыраулық. Фото: KAZ.NUR.KZ/Әйгерім Сайқын

Ұлттық киім киген бір топ жұртшылық орталық Исатай – Махамбет алаңынан бастап, Сәтпаев көшесімен жүріп өтіп Бейбарыс алаңына дейін жетті.

Атыраулықтар ұлттық киіммен шықты
Ұлттық киім киген Атырау жастары. Фото: KAZ.NUR.KZ/Әйгерім Сайқын

Топты Қазақстанға танымал атыраулық алып жігіт Парасат Нұрғалиев еліміздің көк байрағын желбіретіп, бастап шықты.

Парасат Нұрғалиев
Парасат Нұрғалиев. Фото: KAZ.NUR.KZ/Әйгерім Сайқын

Айта кетейік, Парасаттың бойы 218,5 сантиметр, салмағы 150 келі. Ол Қазақстанның рекордтар кітабына "Елдегі ең алып адам" болып енген.

Авторы: Әйгерім Сайқын

Қазақстандағы ең алып адам бастап шықты: ұлттық киім киген 1000-ға жуық атыраулық шеру өткізді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.