jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда блогерлерді жарнама контентін арнайы белгімен таңбалауға міндеттеуі мүмкін

Ұялы телефон ұстаған қыз
Ұялы телефон ұстаған қыз. Көрнекі сурет: Рixabay.com

Мәжілісте онлайн платформалар мен онлайн жарнама туралы заң жобасы талқыланды. Оған сәйкес блогерлер жарнама контентін арнайы белгімен таңбалауға міндеттелуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның хабарлауынша, бұл туралы мәжіліс депутаттарына "Онлайн платформалар мен онлайн жарнама" туралы" заң жобасын таныстырған Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қайнар Ахетов мәлім еткен.

"Біріншіден, тұжырымдамалық ақпаратты өзектендіру. Бұл жерде әлеуметтік желілердің субъектілеріне және сол саладағы бірнеше терминге нақты анықтамалар, түсініктемелер беріледі.

Екіншіден, онлайн платформа иелеріне қойылатын талаптарды қарастыру. Яғни, қазақ тіліндегі контентті модерациялау, монетизациялау, интерфейсті қазақ тіліне аудару мәселелері.

Үшіншіден, интернеттегі жарнама саласын экономикалық тұрғыда қарастыру.

Төртіншіден, мазмұнға қойылатын талаптар. Енді бұл заң жобасын бірінші кезекте қазақстандықтардың құқықтары мен бостандықтарын толыққанды іске асыруға онлайн платформалардағы тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етуге өз ықпалын береді деп есептейміз.

Сондай-ақ, жарнама контентін орналастыратын пайдаланушылардың жарнаманы таңбалау қажеттілігіне ерекше мән беріледі", – дейді Қайнар Ахетов.

Сондай-ақ департамент директоры онлайн жарнаманы реттеу бағытындағы халықаралық тәжірибеге тоқталған.

"Қазіргі таңда халықаралық тәжірибедегі бір-екі мәселені атап өтсек. Германияда 2018 жылы қабылданған заң бойынша 2 миллионнан астам жазылушысы бар медиа платформалар зиянды ақпаратты жоюға міндеттелген.

2022 жылдың 23 сәуірінде Еуроодаққа қатысушы елдер қабылдаған заңнама бойынша шағым беру, өтініштерді қарау, контентті модерациялау және онлайн жарнама тетіктеріне көзделген әлеуметтік желілер алгоритмдерін белгілеу көзделген", – дейді Ахетов.

Оның айтуынша, бүгінде 12 млн қазақстандық интернетке қосыла алады.

"Интернеттің енуі – 85,9 пайыз. Қазақстандағы 13 млн 800 мың адам әлеуметтік желі пайдаланушысы болады. Бұл – Қазақстан халқының 70 пайызынан астам. Facebook желісінде 2 млн 300 мың адам, Instagram-да 11 млн 75 мың адам, TikTok-та 7 млн 26 мың қолданушы бар деген мәлімет жүр", – деді министрлік өкілі.

Қазақстанда блогерлерді жарнама контентін арнайы белгімен таңбалауға міндеттеуі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.