Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сынақтан өтіп жатыр": отандық ғалымдар жер сілкінісі кезінде аман қалудың әдісін ойлап тапты (видео)

Опубликовано:

Жер сілкінісі
Жер сілкінісі. Көрнекі фото: Freepic.com

Отандық ғалымдар жер сілкінісі кезінде адамдар мен ғимараттарды дін аман алып қалуға болатын әдіс ойлап тапты. Әзірге бұл тек институттың тәжірибелік лабораториясында сынақтан өтіп жатыр, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, ғалымдар нысандарға теңселмелі тірек орнатуды ұсынып отыр. Яғни, үйдің іргетасы мен ғимарат арасына қозғалмалы табан жасау қажет дейді. Сонда олар 6 баллдан асқан жер сілкінісі кезінде нысандарды құлатпай, барынша адам өмірін сақтап қалуға болатынына сенімді екендерін айтты.

"Менің ұсынысым тіректі шектейтін бет жоғарғы дәрежелі болуы керек. Ал оның негізгі артықшылығы, жоғары жер сілкінісі кезінде ол жақсы жұмыс жасайды. Яғни, ғимараттарды жер сілкінісінен қорғай алады деген сөз. Ол үшін біз міндетті түрде ғимараттарға жер сілкінісі кезінде әсер ететін инерция күшін азайтуымыз керек", – дейді техника ғылымдарының докторы, профессор Қуатбай Бейсенбаев.

Әзірге бұл әдіс тек институттың тәжірибелік лабораториясында сынақтан өтіп жатыр. Ғалымдар жоба қолдау тапса, кемінде 3 жылдың ішінде жүзеге асуы мүмкін деп отыр. Сонда ғана қондырғы Алматыдағы сейсмологиялық институтқа тапсырылмақ.

"Қазіргі лабораторияда жасаған қондырғымыз мағлұматты зерттеп, анықтауға мүмкіндік береді. Нақты дұрыстап зерттеу үшін басқа қондырғылар жасап жатырмыз. Келесі жылға ғалымдардың алдына мақсат қойып отырмын", – дейді Ө.А. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институтының бас директоры Амандық Төлешов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023186-synaqtan-otip-zatyr-otandyq-galymdar-zer-silkinisi-kezinde-aman-qaludyn-adisin-oilap-tapty-video/