jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Оқу-ағарту министрі: ҰБТ-ға дайындау мектептің міндеті емес (видео)

Ғани Бейсембаев
Ғани Бейсембаев. Видеодан кадр: Youtube/Нартай Аралбайұлы

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп бітіруші оқушылар тапсыратын мемлекеттік емтихандар мен ҰБТ-ның екі министрлік құзырына бөлінуіне қатысты пікір білдірді. Министр бұл туралы журналист Нартай Аралбайұлының Youtube арнасына сұхбат берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Журналист ҰБТ-ға баратын балаларды мектеп даярлайтынын, ал оларды тестілеуден өткізетін Жоғары білім және ғылым министрлігі екенін еске салып өтті. Ол ведомство басшысына осы екі министрлік арасында балалар түсініксіз жайттарға тап болмай ма деген сұрақ қойды.

Ғани Бейсембаевтың сөзінше, мектеп тестке (ҰБТ - ред.) дайындамайды.

"Мектептер жалпы сол баланың орта білім алуының стандарттарын орындауға, барлық пән бойынша тиісті білімін беріп шығуға міндетті. Ал енді қосымша, мысалы әртүрлі мамандыққа тапсыратын оқушылар бар, оның барлығына дайындау мектептің негізгі міндеті емес. Мектеп қабырғасында оқып жатқан бала сол жердегі мемлекеттік емтиханға дайындалады. Ал ҰБТ тапсыру-тапсырмау, яғни, ЖОО-ға түсу-түспеу ол әрбір оқушының қалауы. Бұрынғыдай мүдделік жоқ, міндетті түрде жаппай барлығы тест тапсырады деген ұғымнан арылдық. Мемлекеттік емтихандар мен ҰБТ деп екіге бөлінгеннен бері қанша жыл өтті. ЖОО-ға түсем дегендер тест тапсырады, бірақ ол мектептің міндеті емес", - деп жауап берді министр.

Оқу-ағарту министрі: ҰБТ-ға дайындау мектептің міндеті емес (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.