Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда хайуанаттар бағына ақ аю әкелінді (фото)

Опубликовано:

Ақ аю
Ақ аю. Фото: instagram.com/almatyzoo

Алматы қаласындағы зообаққа Мәскеу хайуанаттар бағынан Пурга есімді ақ аю жеткізілді. 6 жаста жануар қазіргі таңда карантиннен шығарылған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақ аю жайлы ақпарат Алматы хайуанаттар бағының Instagram парақшасында жарияланды.

"Пурга есімді ақ аю 2017 жылы туған. Ол бізге Мәскеу хайуанаттар бағынан жеткізілді. Бұл ерекше жануарды елге алып келу үшін алдымен үлкен дайындық жұмыстары атқарылды. Арнайы қоршау жасалып, бассейн салынды. Еуро-Азиялық Аймақтық зообақтар мен аквариумдар ассоциациясының (ЕАРАЗА) келісімін алып, содан кейін ғана аю зообағымызға орналастырылды. Бізге келгеннен кейін ақ аю карантинде болды. Бұл талап зообақтарға әкелінетін, басқа жаққа берілетін барлық жануарларға қатысты", - деп жазылды Алматы хайуанаттар бағының парақшасында.

Сонымен қатар Алматы хайуанаттар бағы ақ аюға жасалған жағдай жайлы да мәлім етті.

"Пурга орналасқан вольер кең. Ауласында екі бассейні бар.Үйшігінің ішінде ауаны салқындатып тұратын арнайы желдеткіш орнатылған және суық еден жасалған.

Ол сиыр, тауық етімен, түрлі балықтармен, алма, алмұрт, салат жапырағы, балмен қоректенеді", - деді Алматы хайуанаттар паркі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023204-almatyda-xaiuanattar-bagyna-aq-ayu-akelindi-foto/