Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

40 градусқа дейін ыстық: бүгін Қазақстан өңірлерінде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Субұрқақ
Саябақ. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер бүгін, 6 маусымда ел аймақтарында ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Мәселен, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауса, еліміздің батысында жаңбыр қатты жауады деп күтілуде.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, батыс аймақтарда бұршақ жаууы ықтимал. Ал түнде және таңертең еліміздің оңтүстік-батысында тұман күтіледі.

Бүгін тек республиканың оңтүстігі мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сонымен қатар синоптиктер бүгін Ақмола, Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу облыстарында, Алматы облысының солтүстік жартысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында қатты ыстық, Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Ұлытау, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық болатынын болжап отыр.

Сейсенбіде еліміздің екі мегаполисі – Астана мен Шымкентте де аптап ыстық болады деп күтілуде. Күндіз елордада ауа температурасы +36…+38 градусқа дейін көтерілсе, Шымкентте +37…+39 градусқа дейін жетпек.

Бұдан бөлек бүгін Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Атырау облысының шығысы мен солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстік-шығысында және Түркістан облысында өрт шығу қаупі жайлы ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023504-40-gradusqa-deiin-ystyq-bugin-qazaqstan-onirlerinde-aua-raiy-qandai-bolady/