Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арнайы ХҚКО-лар ақауға байланысты Қазақстан бойынша жұмысын тоқтатты

Опубликовано:

Арнайы ХҚКО
Арнайы ХҚКО. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Кеше, 5 маусымда ел бойынша арнайы ХҚКО-ларда техникалық ақау байқалып, салдарынан олар жұмысын уақытша тоқтатқан. ХҚКО-лар әлі де істемей тұр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құрметті клиенттер! Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті тарапындағы техникалық ақауларға байланысты еліміздің барлық арнайы ХҚКО-сында мемлекеттік қызметтер көрсету тоқтатылғанын хабарлаймыз. Мамандар ақауды жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – дейді мемлекеттік корпорация өкілдері.

Жүйдегі ақау кеше түстен кейін байқалған. Әзірше еліміздегі арнайы ХҚКО-лар жұмыс істеп тұрған жоқ.

"Электрондық үкіметтің" ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, қазақстандық көлік иелерінің уақыты мен қаржысын айтарлықтай үнемдеу мақсатында арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылған болатын.

Мұндай орталықтардың ерекшелігі жүргізуші куәлігін алу, көлік құралдарын тіркеу, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлерді беру қызметтерін көрсету болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023541-arnaiy-xqko-lar-aqauga-bailanysty-qazaqstan-boiynsa-zumysyn-toqtatty/