Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Белбеумен ұрған": желіде әскери мектептің тәрбиеленушілеріне әлімжеттік жасалғаны туралы видео тарады

Опубликовано:

белбеу ұстап тұрған ер адам
Белбеу ұстап тұрған ер адам. Видеодан кадр: Instagram/НемолчиKZ

НемолчиKZ қоғамдық қоры әлеуметтік желідегі парақшасында еліміздегі әскери мектептердің бірінде тәрбиеленушілерге әлімжеттік жасалғанын көрсеткен видео жариялады. Абай облысы білім басқармасының хабарлауынша, бұл оқиға былтыр болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Семейдегі "әскери мектепте осындай жағдай болды. Мектеп басшысы мен офицерлерге ешкім бата алмайды, оларды Астанадан комиссия келіп тексеруі керек", - делінген бейнежазба сипаттамасында.

Бейнежазбаға қатысты Абай облысы білім басқармасы пікір білдіріп, бұл оқиға Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы "Жас-Ұлан" арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатында 2022 жылы күзде болғанын айтты.

"3 ақпанда әлеуметтік желілердің мониторингі барысында 111-взвод ұланына 91-взвод ұланы соққы берген сәтінен бейнежазба табылды. Сондай-ақ офицер 71-взвод ұланын белбеуімен ұрған сәті түсірілген бейнежазба табылды. Жоғарыда аталған фактілер 2022 жылдың қазан айында болған.

Қызметтік тергеу барысында бұл фактілер расталды және кінәлі адамдарға қатысты тәртіптік жаза қолданылды, атап айтқанда: 111-взводтың тәрбиеленушісі 2023 жылдың 6 ақпанында оқудан шығарылды, офицер 2023 жылдың 8 ақпанында қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ведомство ұландар арасындағы қарым-қатынас, жанжалды жағдайлар мен педагогтердің іс-әрекеттері Абай облысы білім басқармасының тұрақты бақылауында екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023573-belbeumen-urgan-zelide-askeri-mekteptin-tarbielenusilerine-alimzettik-zasalgany-turaly-video-tarady/