Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Этникалық қазақтарға Қазақстанда тұруға рұқсат алу жеңілдетіледі

Опубликовано:

Шаңырақ
Шаңырақ. Көрнекі фото: Рixabay.com

2023 жылдың шілдесінен бастап басқа елдерде тұратын этникалық қазақтар Қазақстанға оңайлатылған кіру мүмкіндігін пайдалана алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында хабарланды.

Ведомство 2023 жылдың шілдесінен бастап өзге елде тұратын этникалық қазақтар "Ата жолы" картасын алып, Қазақстанға оңайлатылған кіру мүмкіндігін пайдалана алатындығын айтады. "Ата жолы" картасын енгізудің мақсаты – тарихи отанмен байланысты нығайту, ұлттық дәстүрлерді сақтау, Қазақстанда олардың әлеуетін іске асыру үшін біздің елімізге кәсіпқойлар мен табысты бизнесмендерді тарту болып табылады.

"Карта шетелде тұратын этникалық қазақтарға азаматтығын сақтай отырып берілетін болады. Бұл картаның иегерлері елге кірген кезде 10 жыл мерзімге тұруға рұқсат алады.

"Ата жолы" картасы бар этникалық қазақтың қандастардан айырмашылығы – ол басқа елдің азаматы бола тұра Қазақстан Республикасының азаматтарымен және кандастарымен тең құқыққа ие", – делінген хабарламада.

"Ата жолы" картасының иегері:

  • медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық мекемелерде әлеуметтік төлемдер мен қызмет көрсету;
  • Еңбек кодексіне және "Халықтың көші-қоны туралы" Заңға сәйкес Қазақстан аумағында жұмысқа орналасу;
  • Қазақстан аумағында Кәсіпкерлік кодекске және елдің өзге де құқықтық актілеріне сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;
  • "Білім туралы" Заңына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін орта білім, мемлекеттік орта арнаулы және/немесе жоғары оқу орындарында конкурстық негізде тегін орта арнаулы және/немесе жоғары білім алу, жеке оқу орындарында ақылы білім алу;
  • "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңға сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығы саласындағы халықаралық шарттарға және Қазақстанның заңнамалық құқықтық актілеріне сәйкес жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу құқығын пайдалана алады.

"Ата жолы" картасы бар адамдардың Қазақстанның мемлекеттік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ және мемлекеттік қызметке кіре алмайды.

Бұдан басқа егер "Ата жолы" картасының иесі Қазақстан азаматтығын алған жағдайда оның картасы жарамсыз деп танылады.

"Ата жолы" картасының иегерлері еңбек қызметін жүзеге асыру немесе бизнес жүргізу үшін қоныстану өңірін өз бетінше таңдайды.

Ведомство "Ата жолы" картасын алудың алгоритмі туралы қосымша хабарланатынын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023591-etnikalyq-qazaqtarga-qazaqstanda-turuga-ruqsat-alu-zenildetiledi/