"Арманын бейнелеген бала": Jusan Bank ақтөбеліктерге мурал сыйға тартты
Жарияланған күні:
Ақтөбеде ерекше әрі көз тартатын мурал пайда болды – онда өз арманы мен отбасының суретін салып тұрған бала бейнеленген. Мұндай стрит-арт туындысын Jusan Bank қала тұрғындарына сыйға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бүгінде монументальды өнер саласындағы танымал бағыттағы туындыны енді Қазақстанның батысындағы қаладан да кездестіруге болады. Ақтөбеде Сағи Жиенбаев атындағы облыстық кітапхана базасында жастарға арналған жаңа креатив орталығы ашылып, ғимараттың сырты алматылық Repas командасы мен Art Nid жергілікті суретшілер салған муралмен безендірілді.
Jusan өңірлік маркетинг жетекшісі Айбол Қалыбаевтың айтуынша, банк Kazakh Tourism компаниясымен арадағы меморандумды зор құлшыныспен жүзеге асыруда, соның нәтижесінде көше арт-өнері арқылы Қазақстан қалаларының ландшафы да жақсы жағына өзгере бастағандай.
"Біз қалалардағы креатив қоғамдастықты дамытуға бірлесе үлес қосып жатырмыз, осылайша бұған дейін сұрықсыз және көзге көрінбей тұрған жерлерді безендіріп, олар болашақта жас буын ағылатын орынға айналу үшін қолымыздан келгенді жасаудамыз", - дейді Айбол Калыбаев.
Ол, сондай-ақ, Ақтөбе мұндай муралдар орын тепкен төртінші қала екенін еске салды. Бұған дейін Jusan-ның стрит-арт туындысы еліміздің үш мегаполисі – Алматы, Астана және Шымкентте пайда болған еді.
Repas командасының суретшісі Владислав Вдовин жұмыс концепциясын команда ұзақ уақыт жасағанын жеткізді.
"Біз үнемі екінші орынға ысырыла беретін, бірақ аса маңызды тақырыпты қозғағымыз келді. Осылайша отбасылық құндылықтарды бейнелейтін сурет салуға шештік. Композицияда ортада бала тұрса, оның жан-жағында анасы, әкесі және атасы бейнеленген, ал бала болса, бала арманын бейнелеп жатыр", - дейді суретші.
Сөзінше, Ақтөбеге келе сала, команда бірден Жиенбаев атындағы кітапханаға жол тартқан. Дәл сол жерде суретшілер жазушының жазған туындысынан үзіндіні тауып алыпты. Онда: «Байлық іздемеймін. Олардан да құнды – менің ұлым, әкем мен анам». Жазушының дәл осы сөздері команда мен суретшілерді ерекше шабыттандырыпты.
Орталықтың ашылуына жергілікті тұрғындар келген. Жастар жағы муралға жоғары баға беріп, оның фонында суретке түсті. Одан бөлек жастар би билеп, велосипед теуіп, белсенділік танытты. Бұдан былай қаланың шырайын келтіріп тұрған стрит-арт ақтөбелік кәрі мен жастың сүйікті орнына айналмақ.
"Қаламызда осындай жарқын, креатив кеңістік пайда болғаны керемет болды. Мурал өте әдемі, тіпті қолмен салды дегенге сену қиын. Біз жаз бойы осында уақыт өткізетін боламыз. TikTok түсіріп, кітап оқып, уақытымызды пайдалы әрі қызықты нәрселерге жұмсамақпыз", - дейді қаланың жас тұрғыны Томирис.
Айта кетсек, жастарға арналған ең креатив орталықтың демеушісі - "Самрұқ-Қазына" компаниясы, ал ашылу облыстық әкімдіктің қолдауымен жүзеге асты. Jusan сыйға тартқан мурал болса орталықтың сәні әрі жас қалалықтардың жиналатын орны болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023643-armanyn-beinelegen-bala-jusan-bank-aqtobelikterge-mural-syiga-tartty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.