jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Студенттер жазда шәкіртақы алмайтыны рас па: министрлік жауап берді

Студент кітап қарап тұр
Студент. Көрнекі фото: Рexels.com

Мессенджерлерде үкімет қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстанда студенттер жазғы стипендиядан қағылатыны туралы хабарлама тарауда. Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Хабарламада қазақстандық студенттерге жаз айларында шәкіртақы берілмейтіні айтылған. Бұл "Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары және олардың мөлшерлерін бекіту туралы" үкімет қаулысына енгізілген өзгерістерге байланысты екені айтылған.

Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын фактчекерлерге хабарлады. Жарлыққа мұндай өзгерістер енгізілген жоқ.

"Қазақстан Республикасы үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 қаулысына сәйкес министрлік шілде айында студенттерге екі айдың, яғни шілде және тамыз айларының стипендиясын аударады", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Студенттер жазда шәкіртақы алмайтыны рас па: министрлік жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.