jitsu gif branding logo appbranding logo app

Астанадан 60 км жердегі көлдің сатылып кеткені рас па: Ақмола облысының әкімі жауап берді

күн батардағы айдын көл
Көл. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысындағы Мортық ауылының тұрғындары елді мекенмен аттас көлдің 700 мың теңгеге сатылып кеткенін айтып, дабыл қаққан. Олардың сөзінше, көл жеке қолға өткен. Бұған қатысты бүгін, 8 маусымда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Ермек Маржықпаев пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бірер күн бұрын Instagram-да Мортық көлінің 700 мың теңгеге сатылғаны туралы видео жарияланды. Онда ауыл тұрғындарының пікірі еленбей, тендер өткізіліп, аталған көл 700 мың теңгеге сатылғаны айтылған.

Осыған байланысты БАҚ өкілі брифинг барысында Ақмола облысының әкімінен Астанадан 60 шақырым жерде орналасқан Мортық көлінің сатылуы жайындағы ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатыны туралы сұрады.

Ермек Маржықпаев бұл мәселемен жақсы таныс екенін атап өтті.

"Экология министрлігі ашық электронды аукцион өткізіп, осы көлді жалға берді. Сатқан жоқ. Бұл мәселенің бір ғана заңды шешімі сотқа беру арқылы шығады. Сотта бәріміз бірге оң шешім шығарамыз деп ойлаймын", - деп жауап берді облыс әкімі.

Айта кетейік, Су кодексінің 65 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне тыйым салынады.

Үкіметтің "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, ортақ суды пайдалануға:

1) техникалық құралдарды қолданбай жер үсті көздерінен су алу;

 2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттары;

 3) кеме қатынасы және шағын кемелермен жүзу;

 4) мал суару жатады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.