Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таулы аймақтарда өрт қаупінің ең жоғары деңгейі жарияланды

Жарияланған күні:

Көрнекі
Көрнекі фото: Рixabay.com

Күннің күрт ысуына байланысты таулы аймақтарда өрт қаупінің ең жоғары деңгейі жарияланды, деп хабарлайды Almaty арнасы.

Синоптиктер елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасы 39 градусқа дейін көтерілетінін айтып дабыл қағуда. Бірақ қазірдің өзінде ыстыққа шыдамағандар өзен жағасын, салқын таудың самалын аңсап жүр.

Телеарнаның хабарлауынша, қазір қалаған ағаштың саясына емін-еркін жайғаса алмайсың. Себебі, табиғат аясында күнде тексеріс жүргізілуде.

"39 рейдтік шара жүргізілді. Жалпы бұл күнделікті жүргізілетін іс-шара болып есептеледі. Бұл жерде біздің қызметкерлер мен арнайы органдар бар, маршруттар белгіленген", – дейді Бостандық ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Данияр Ғаниев.

Қауіпсіздікті жауапты мамандар бүгін тауды тағы аралап шыққан. Өрт қаупінің жоғары деңгейі жарияланғанын еске салды. Көкке шығып, қазан жаққан аспаздарға ескерту жасап, қауіпсіздікке мән беруге шақырды.

Еске салсақ, 1 ай бұрын Медеудің тау баурайында қызыл жалын тұтанып, тілсіз жаумен күресте 1 қызметкер жарақат алып, өрт сөндіруші қаза тапты. Сол кезде адам өліміне әкелген апатқа демалушылардың шоқты өшірмей кетуі басты себеп болуы мүмкін екені айтылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023991-tauly-aimaqtarda-ort-qaupinin-en-zogary-dengeii-zariyalandy/