jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Аптап ыстық бәсеңдейді": алдағы демалыс күндері ел аумағында ауа райы қандай болады

Кітап оқып отырған ер адам
Жаз мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы үш күн, 10-12 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтар мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, бұршақ жауады деп күтілуде.

Синоптиктер 10-12 маусымда еліміздің солтүстігі, шығысы мен орталығында және оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады деп болжады. Сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Сонымен қатар еліміздегі жоғары ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі күтіледі. Кей аймақтарда аптап ыстықтың бәсеңдеуі байқалады. Мәселен солтүстік пен шығыста ауа температурасы +20...+29°С дейін, ал орталықта +20...+33°С-қа дейін төмендейді.

11-12 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында ауа температурасы +23+28°С дейін төмендейді деп күтілуде.

"Аптап ыстық бәсеңдейді": алдағы демалыс күндері ел аумағында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.