jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматы тауларында адасып кеткен 55 жастағы Грекия азаматы аман-есен табылды

Дүрбі ұстап тұрған ер адам
Дүрбі ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: Pixabay.com

Алматыдағы "Волчья гора" шыңында адасып кеткен 55 жастағы Грекия азаматы табылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қаласының Құтқару қызметінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы Құтқару қызметінің мәліметінше, кеше, сағат 21:37-де 109 пультіне 1968 жылы туған Г. есімді Грекия азаматы "Волчья гораға" қарай жолға шығып, сол күйі оралмағаны жайлы хабар келіп түскен.

"Ол туралы турист тұрақтаған хостелдің иесі хабарлады. Оның айтуынша, турист оның телефонына орналасқан жері мен "қайтар жолдан адасқаны" жайлы хабарлама келіп түскен. Ол хатта тым қараңғы болғандықтан және арнайы жарық құралдарының болмауы себепті жолды жалғастыра алмайтындығын да жазған", - делінген құтқару қызметі таратқан хабарламада.

Құтқару қызметінің құтқарушылары соңғы геомәлімет бойынша іздестіру жұмыстарын бастаған.

"Түнгі сағат 01:11-де жоғалға азаматты тауып, таудан түсіру жұмыстары басталды. Турист дін аман, медициналық көмек қажет болмады", - деді Алматы Құтқару қызметі өкілдері.

Алматы тауларында адасып кеткен 55 жастағы Грекия азаматы аман-есен табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.