jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматы қаласының бір ауданында уақытша ыстық су өшіріледі

Су
Су. Көрнекі фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты

Жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты Алматының Наурызбай ауданында 12-29 маусым аралығында ыстық су уақытша өшіріледі, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

Арна мәліметінше, 12-29 маусым аралығында Наурызбай ауданының аумағында Жуалы – Райымбек - Алтын Орда – Медеубеков көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды.

Сонымен қатар "Алматы" арнасы бұл шектеулердің жөндеу жұмыстарына байланысты енгізілгенін мәлімдеді.

"Шектеулер "Алматыжылукоммунэнерго" ЖШС теңгерімінде тұрған "Премьер" қазандығында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі", - деп жазды "Алматы" арнасы,

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.