jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

"Өрт Шүлбі су электр станциясына қауіп төндіруде": желіде тараған хабарламаға Абай облысының әкімдігі жауап берді

Мессенджерлер
Мессенджерлер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ел арасындағы танымал мессенджерде Абай облысындағы орман өртінен Шүлбі ГЭС-іне қауіп төніп тұрғаны жайлы ақпарат тарауда. Хабарламаға қатысты Абай облысы әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасында пікір білдірді.

"WhatsApp мессенджерлерінде өрт Шүлбі су электр станциясына қауіп төндіруде деген ақпарат тарауда. Бұл жалған ақпарат. Қазіргі уақытта Шүлбі ГЭС-іне қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдай құзырлы органдардың бақылауында", – делінген әкімдік хабарламасында.

Ведомствода қазақстандықтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды. Сонымен қатар әкімдік жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Шүлбі ГЭС ресми сайтында су электр станциясының Семей қаласынан 70 километр жерде орналасқаны, Ертіс ГЭС каскадында үшінші және белгіленген қуаты бойынша Қазақстандағы ең ірі станция екені жазылған.

Негізгі қызметі – электр энергиясын өндіру; Ертіс өзенінің өтемдік су ағысын реттеуге, көктемгі су басу кезіндегі Павлодар облысындағы жайылма су шалғынындағы Үлбі және Оба өзендерінің ағындарын жинақтауға арналған.

Шүлбі ГЭС-нің құрылысы 1976 жылы басталғанымен, алғашқы гидроагрегат 1987 жылы іске қосылған.

2017 жылы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті "Шүлбі ГЭС" атом электр станциясындағы мемлекеттік қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Энергетика министрлігіне берді.

"Өрт Шүлбі су электр станциясына қауіп төндіруде": желіде тараған хабарламаға Абай облысының әкімдігі жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.