jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Абай облысында орман өртіне байланысты бір тас жол жабылды

жол белгісі
Жол белгісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Абай облысындағы орман өрті қатеріне байланысты Шүлбі - Жаңа Шүлбі тас жолы жабылды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті бүгін, 12 маусым таңғы уақытта облыс аумағындағы барлық абонентке осындай ақпарат таратты.

"12.06.2023 Абай облысы Шүлбі - Жаңа Шүлбі тас жолы жабық. Орман өртінің қатері", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 8 маусымда Абай облысындағы Батпаев орман шаруашылығының аумағында алдын ала болжам бойынша 0,3 гектар аумақта ағаштар жанған болатын. Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің ауданы шамамен 60 мың гектарды құрайтынын хабарлады.

Кеше, 11 маусымда Абай облысындағы орман өрті қатты жел салдарынан қайта күшейді. Өрт қаупі төнген Талица, Каштак, Половинки, Бұлақ ауылдарының тұрғындары Семейге эвакуацияланды.

Айта кетейік, Абай облысындағы орман өрті салдарынан 14 адам қаза тапты. Осыған байланысты Қазақстанда 12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Абай облысында орман өртіне байланысты бір тас жол жабылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.