jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Өрттің алғашқы күнінен-ақ Бородулиха ауданындағы апатқа еріктілер мен қамқор азаматтар және жергілікті әкімдік көмекке келді

ерікті көмек
Фото: Абай облысының әкімдігі

Гуманитарлық көмекті жинауға тек мемлекеттік органдар мен партия ұйымдары ғана емес, кәсіпорындар, жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар, мәслихат депутаттары, Достық үйі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де атсалысып, жерлестеріне тұрақты түрде азық-түлік, дәрі-дәрмек, бірінші қажеттілік заттарын жөнелтуде.

Барлық гуманитарлық көмек арнайы көліктерге тиеліп, өртпен белсенді түрде күрес жүргізіліп жатқан аумақтарға - Бородулиха-Жерновка мен Озерки-Талицаға жөнелтіліп, жеткізілді.

ерікті көмек
Фото: Абай облысының әкімдігі

Күн сайын 80-ге жуық жергілікті ерікті мен Семей, Өскемен және Астана қалаларынан 100-ден астам адам өртті сөндіруге көмек көрсетуде. Олардың орнын тұрақты түрде өзге де жанашыр азаматтар алмастырып отыр.

ерікті көмек
Фото: Абай облысының әкімдігі

Тек соңғы тәулікте 1,5 тонна ауыз су, 400 келі қой еті, құс еті, 600 келі көкөніс (картоп, пияз, сәбіз), 100 литрден астам май берілді. Шаруа қожалықтарының басшылары азық-түлік жеткізу үшін екі көлік бөлді.

ерікті көмек
Фото: Абай облысының әкімдігі

«Осындай қиын сәтте бәріміз жұдырықтай жұмылуымыз керек! Біздің Отанымыз бір! Бұл апатты да бірге еңсеруіміз керек», - дейді Семейдің белсенді волонтерлерінің бірі Евгения Павел.

Өрттің алғашқы күнінен-ақ Бородулиха ауданындағы апатқа еріктілер мен қамқор азаматтар және жергілікті әкімдік көмекке келді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.