jitsu gif

Қатты жауын-шашын, 40 градус ыстық: алдағы күндері елімізде қандай ауа райы күтіледі

Күн шуағы
Жаз мезгілі. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер алдағы күндері, 13-15 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтар мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалымен өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

14 маусымда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Синоптиктер солтүстік және шығыс аймақтарда температураның қысқа мерзімге төмендеуін болжады. Аталған аймақтарда ауа температурасы түнде +5...+15 градусқа дейін төмендесе, күндізгі уақытта +17...+25 градусқа дейін төмендеуі күтілуде.

Бөдан бөлек, мамандар еліміздің батысында 13-14 маусымда күндіз ауа райы өте қатты ыстық болады деп болжады. Батыс аймаөтарда ауа температурасы +40...+41 градусқа дейін жоғарылайды деп күтілуде.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.