jitsu gif

Абай облысындағы өрт салдарынан эвакуацияланған түлектер емтиханды қайда тапсырады

ІІМ қызметкерлері мен балалар
Абай облысында өрт салдарынан 64 бала эвакуацияланған. Фото: t.me/qr_tjm

Абай облысында эвакуацияланған 9, 11 сынып түлектері мектеп бітіру емтихандарын Семей қаласында тапсырады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Министр Ғани Бейсембаев Абай облысында алапат өрттен қаза болған орманшылардың отбасына көңіл айтты.

Министрдің сөзінше, өңірде қауіпсіз аймаққа эвакуацияланған тұрғындардың арасында 64 бала бар. Олар отбасыларымен бірге Семейдегі екі колледж ғимаратына орналастырылған.

"Эвакуацияланған 9,11 сынып түлектерінің қорытынды емтиханды кедергісіз тапсыруы үшін барлық жағдай жасалуда — мектеп бітіру емтихандары Семей қаласында ұйымдастырылады.

Апат салдарынан асыраушысынан айырылған отбасы балалары жаңа оқу жылында білім алуын еш кедергісіз жалғастыруы үшін мектеп формасымен, қажетті оқу құралдарымен және ыстық тамақпен қамтылатын болады. Балалардың құқығын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрліктің үнемі бақылауында", - деп жазды министр парақшасында.

Сонымен қатар ол балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасына асыраушысынан айырылған отбасылармен жеке кездесіп, балалардың психологиялық кеңес алуына, жазғы сауықтыру лагерлерінде демалуына барлық жағдайды ұйымдастыру тапсырылғанын атап өтті.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.